Өтетін орны: Қалибек Қуанышбаев атындағы Қазақ ұлттық музыкалық драма театры (Астана қаласы, Қ.Қуанышбаев көшесі, 8/1)
Жанр: Хореодрама
Ұзақтығы: 120 мин
Автор: Лев Толстойдың «Анна Каренина» романының негізінде
Сахналық нұсқасының авторы: Рача Махатаев
Қазақ тіліне аударған: Қымбат Елубаева
Қоюшы режиссер: Рача Махатаев
Қоюшы суретші: Қанат Мақсұтов
Хореограф: Анастасия Чистюхина
Киім суретшісі: Шынар Елембаева
Жарық қою бойынша суретші: Азамат Бекбембетов
Дыбыс режиссері: Ләззат Қыстықбаева
Актерлік құрам: Инабат Әбенова, Жанат Оспанов, Айнұр Бермұхамбетова, Қайыржан Садықов, Ақмарал Танабаева, Ерғұлан Жанпейісов, Біржан Жүнісов, Нұрсұлтан Есен, Заңғар Әбенов, Амира Омарова, Айкөркем Тұранова, Ақниет Орынтай, Нұрия Бөкенбаева, Диана Жолдыбек, Руслан Алишев, Динара Егубаева, Нұрхан Қосанов, Гауһар Исмаилқызы, Саида Сағынова
Үйіндегі салқындық пен қоғамның тұншықтырған тәртібінен қашқан Анна Каренина балға тап болады. Сол кеште граф Вронскиймен кездесіп, жүрегіндегі жаңа сезімге беріледі. Махаббат пен аналық борыш, ішкі күйзеліс пен қоғамның үкімі оны терең қақтығысқа қалдырады. Бір жағында сезімнің шынайылығы, екінші жағында отбасылық парыз бен қоғам талаптары тұр. Бұл махаббат - құтқарушы ма, әлде қасірет бастауы ма? Қойылым адам жүрегінің нәзік тартысын, тағдыр мен сезім арасындағы күресті ашады.

