Өтетін орны: Қалибек Қуанышбаев атындағы Қазақ ұлттық музыкалық драма театры (Астана қаласы, Қ.Қуанышбаев көшесі, 8/1)

Қоюшы режиссер: Бәзіл Сұлтанғазы

Қоюшы суретші: Шынар Елембаева

Хормейстер: Ержан Сансызбаев, Сұлтан Тұрсынбеков

Концерт-спектакльдің авторы әрі орындаушы артистер: Қайыржан Садықов, Ақжол Мамыр, Бәзіл Сұлтанғазы, Әнуар Бектас, Бибарыс Орман, Бекарыс Шалқар

Музыканы өңдеген әрі сүйемелдеуші ансамбль: Сұлтан Тұрсынбеков, Еркежан Ерзатқызы, Гаухар Исмаилқызы, Ақжан Құрмашева, Темірлан Шөкенов, Ақылбек Әнуар, Қуаныш Рахмет, Маржаннұр Макибаева, Айша Асқарова, Балжан Қанажанова, Кенженбаева Дария

Мен кешкен күй айтылатын сәт...
Мен салған ән шырқалатын шақ...
Мен жазған жыр жырланатын мезет...
Кешкі…7

Спектакль-концертте С.Қайырбектің «Мен шаршадым-ау деймін...», «Сен...», «Ойлаушы ем өмірді білем деп», «Махаббат» өлеңдері оқылады.

Орындалатын әндер: Б.Сұлтанғазы «Ішіңнен боқта», Б.Орман «Сабылмай», Қ.Садықов «Аула», С.Тұрсынбеков «Хош иісті гүлмен аттас қарындас», С.Тұрсынбеков «Жалғыз жұлдыз», Ә.Бектас «Ұйқым келмейді», Б.Шалқар «Шағала», А.Мамыр «Жігіттер» т.б.