• Главная
  • Еврожөндеуден бастап индустриялық диалогқа дейін: AlinEX брендіне 30 жыл
Новости компаний
08:00, Сегодня

Еврожөндеуден бастап индустриялық диалогқа дейін: AlinEX брендіне 30 жыл

Новости компаний
Қазақстандық AlinEX бренді 30 жылдығын атап өтуде

Қазақстандық AlinEX бренді 30 жылдығын атап өтуде

2026 жылғы 6 қазанда қазақстандық құрылыс - әрлеу материалдарының AlinEX брендіне 30 жыл толады. Үш онжылдық ішінде нарық импорттық материалдарға толық тәуелділіктен өздерінің жоғары технологиялық өндірісіне дейінгі жолды жүріп өтті. Онымен бірге AlinEX те өзгерді: еурожөндеуді қолжетімді ету идеясынан бастап, отандық ең танымал брендтердің біріне және саланың болашағы туралы кәсіби диалогтың бастамашысына айналды.

«Еврожөндеу» қолжетімсіз байлық болған кезде 

1990 жылдары қазақстандықтардың сөздік қорына «еурожөндеу» сөзі берік енді. Еуропалықтардың өздері бұл ұғымның нақты нені білдіретінін түсіндіре алмас еді: өйткені ішкі әрлеудің бірыңғай еуропалық стандарты болған жоқ. Алайда бізде «еуроны» қарапайым жөндеуден бірден ажырататын.

Мінсіз тегіс қабырғалар мен төбелер, түзу бұрыштар мен жақтаулар - бүгінде мұның бәрі үйреншікті нәрсе болып көрінеді. Отыз жыл бұрын мұндай жөндеу әдеттегі жөндеуге қарағанда бірнеше есе қымбат тұратын, оның басты себебі — сапалы материалдардың басым бөлігі импорттық еді.

Дәл осындай жағдайда 1996 жылы AlinEX пайда болды. Брендтің негізінде сапалы заманауи жөндеуді тек таңдаулыларға емес, Қазақстандағы бұқаралық тұтынушыға қолжетімді ету сияқты сол уақыт үшін өте өршіл идея жатты.

Кейінгі онжылдықтарда бұл идея құрылыс - әрлеу материалдарын отандық өндірудің толыққанды жүйесіне айналды.

Бүгінде Бренд қолдану технологиясы сақталған жағдайда дайын бетке 25 жылдық кепілдік береді. Ал 2007 жылы өзіндік шикізатқа көшкеннен кейін брендтің негізгі өнімдерінің бірінің рецептурасы, соның ішінде иілгіштігі мен шебердің жұмыс істеу ыңғайлылығы тұрғысынан да жетілдіріле түсті.

Бұл AlinEX дамуының негізгі қағидаттарының бірінен көрінеді: құрылыс материалы тек зертханалық сипаттамалары бойынша ғана емес, сонымен қатар нысанда онымен жұмыс істеудің қаншалықты жайлы екендігімен бағалануы тиіс. 

Қазақстандық шикізат, өзіндік ғылым және бақылаудың бес деңгейі

30 жыл ішінде AlinEX жекелеген өнімдерден бастап кәсіби әрлеу мен құрылысқа арналған материалдардың кешенді желісіне дейінгі жолдан өтті. Бүгінде брендпен сылақтар, тегістегіштер, плитка желімдері, құйма еден қоспалары, жікжаққыштар, қабырғалар тұрғызуға арналған бөлмеаралық плиталар және басқа да материалдар шығарылады.

Бұл ретте өндірістік моделі барынша жергіліктендірілген: өнімдер Қазақстанда қазақстандық мамандардың күшімен гипс, мәрмәр және құм карьерлерінен алынатын таза шикізат негізінде өндіріледі.

Өнім сипаттамаларының тұрақтылығының артында, әдетте, соңғы тұтынушыға көріне бермейтін инфрақұрылым тұр: жеке ғылыми орталық, зертханалар, сараптама және кеңестер беру қызметі және сапаны бақылаудың бес деңгейлі жүйесі. Жаңа өнімдерді нарыққа шығармас бұрын олардың сипаттамалары сыртқы зертханаларда қосымша тексеріледі.

Өзінің жұмыс істеген жылдар ішінде AlinEX өнімдері сапа саласында 50-ден астам қазақстандық және халықаралық марапаттарға ие болды. Бренд өнімдері қазақстандық қалалардың заманауи келбетінің бір бөлігіне айналған бірқатар ірі сәулет нысандарын салу және әрлеу кезінде де қолданылды.

AlinEX — отандық өндірістің 30 жылдық тарихы

AlinEX — отандық өндірістің 30 жылдық тарихы

Келесі кезең — өндірістік қуаттылықты арттыру

Отыз жылдық тарихы бар бренд өндіріске инвестиция салуды жалғастыруда.

Соңғы жылдардағы ең ірі жобалардың бірі — Alina Group компаниясының Тараз қаласында 2024 жылы пайдалануға берілген құрғақ құрылыс қоспаларын шығаратын жаңа зауыты болды. Кәсіпорынға салынған инвестиция көлемі 6,9 млрд теңгені, ал жобалық қуаттылығы жылына 350 мың тонна өнімді құрады.  

Зауыт Alina Group-тың 18-ші жеке өндірістік кәсіпорны болды. Оның аумағында өзіндік зертхана, шикізат, дайын өнім және қаптама қоймалары, силостық мұнаралар, жөндеу-механикалық цех, сондай-ақ өзіндік гипс шикізаты негізінде сылақтарды, желімдерді, құйма еден қоспаларын және басқа да құрылыс-әрлеу материалдарын шығаратын желілер жұмыс істейді.

Жоба Қазақстанның оңтүстік өңірлеріндегі өсіп келе жатқан сұранысты ғана қамтамасыз етуге арналмаған. Кәсіпорын өнімдерін жеткізу географиясына Қырғыз Республикасы, Өзбекстан және Тәжікстан кіреді. 

Брендті дамытудан — саланы дамытуға

AlinEX өзінің мерейтойлық жылын жеке брендті ілгерілету шеңберінен шығатын тағы бір жобамен атап өтті.

«Кәсіби жөндеу академиясы» онлайн-жобасын іске қосудан бөлек, 2026 жылы AlinEX индустриялық диалог форматында өткен алғашқы салалық ProForum Central Asia конференциясының бастамашысы болды.

30 жылдан кейін

AlinEX тарихынан Қазақстанның соңғы үш онжылдықтағы құрылыс материалдары нарығының тарихын да анық көруге болады.

1996 жылы басты міндет заманауи жөндеуді қолжетімді ету және қымбат импортқа отандық балама ұсыну болды. Кейін өзіндік шикізат, ғылыми және өндірістік база, өнімнің жаңа санаттары, сапаны бақылау жүйесі және контрафактіден қорғау пайда болды. Келесі кезең өндірістік қуатты арттыру және өңірлік нарыққа шығу болды. 

Қазіргі таңда міндет ауқымы кеңейе түсті: ендігі мәселе — индустрияның өзін дамыту және өндірушілер, құрылысшылар, девелоперлер, мемлекет пен дистрибьюторлар оның болашағын бірге талқылай алатын орта қалыптастыру.

Бір кездері AlinEX «еурожөндеуді» әрбір қазақстандық үшін қолжетімді ету идеясынан басталды. Отыз жылдан кейін тегіс қабырғалар қолжетімсіз байлық белгісі болудан әлдеқашан қалды. Бәлкім, бұл — осы уақыт ішінде нарықта болған өзгерістердің ең көрнекі нәтижесі осы болар.

AlinEX — Қазақстан нарығында 30 жыл

AlinEX — Қазақстан нарығында 30 жыл

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#AlinEX #Қазақстан #құрылыс материалдары #әрлеу материалдары #отандық өндіріс #құрылыс нарығы #қазақстандық бренд #өндіріс #құрылыс саласы #AlinEX 30 жыл
Объявления