Фариза Жылкайдарова: тәрбие тал бесікте

«Ақырын жүріп, анық бас,

Еңбегің кетпес далаға.

Ұстаздық қылған жалықпас,

Үйретуден балаға...» 

Абай 

Бірер күннен кейін әлемдегі ең жарқын жандарды Ұстаздарды кәсіби мерекесімен құттықтаймыз. Ұстаз - ұлағатты ұғым. Жаныңа нұр, жүрекке жылу беретін аяулы тұлға. Ұстаз тек білім беріп қана қоймайды, шәкіртінің үлкен өмірдегі қандай азамат болуына да үлкен ықпалын тигізеді. Адами асыл қасиеттерімен оқушылар жадында қалып, мәңгі мызғымас моралдық бағдарға айналатыны да шындық. 

Бүгінде қазақ еліндегі мұғалімдер қауымы заман талабына сай оқу-білім беруде. Осыған орай инновациялар мен техникалық жаңалықтарды да өз пайдасына жаратуда. CITY01.KZ сайты «Астана қаласының білім басқармасы»ММ«Астана қаласының білім беруді жаңғырту орталығы» КММ"Әділет" білім қызметкерлері қалалық кәсіподағы" ҚБ"Зеленый Бор" санаторий қолдауымен  «Астананың ең креативті ұстазы» конкурсын өткізуде. Осы сайыста көрермендерді өз бейнеролигімен тамсандырғанның бірі – Фариза Жылкайдарова!

Конкурсқа қатысушылардың бейнероликтерін мына сілтемеден көре аласыз.

Фариза - қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы, жасы 25-те, Елорданың  №51 мектебінде жұмыс істеуде. Конкурсқа қатысушыдан сұхбат алуды жөн көрдік.

1. Неліктен осы мамандықты таңдадыңыз?!

Бұл мамандық маған бала күнімнен таныс. Себебі үйде анамыз мұғалім болған, өмірінің 35 жылын білім саласына арнаған. Анамның сіңлілері, әкеміздің қарындастары түгелдей дерлік мұғалім, не мұғалім болған. Өз әпкем мұғалім. Сондықтан, тіпті жоғары оқу орнынан соң қайда жұмыс істеймін деген сұрақ менде туындамады деседе болар. Иә, екінің бірінің қолынан келе беретін шаруа емес, мұнайшылар мен банкирлердікі секілді жалақысы да жоқ. Бірақ мен өз жұмысымды сүйемін.

2. Қазіргі мұғалімнің алдында қандай қиыншылықтар бар?!

Ұстаздар қоғамның ажырамас бөлігі ғой. Сондықтан көп мәселе қазақ қоғамындағы мұғалім статусына байланысты. Жалақының аздығы, қағазбастылық, бітіп бермейтін жиындарға көрермен ретінде апарып қою бір төбе болса, мектеп әкімшілігі мен оқушылардың ата-аналарымен ортақ тіл табу бөлек бір төбе.

Министр Е. Сағадиев мырза айтты ғой, мұғалім 5 қағаз толтыру керек деп, нақтырақ айтсақ, күнтізбелік-тақырыптық жоспарлау, сабақ бойынша жоспарлау, крийтерийлік бағалау, күнделік және сынып журналы. Өте дұрыс шешім. Біздің мектеп басшылығына келсек, біз көтерген барлық бастамаларды үнемі қолдап, болып жатқан біліктілік арттыру курстарына ұстаздарды жіберіп тұрады. Бұрынғыдай емес, жыл сайын мектептердің материалдық-техникалық жабдықталуы да жақсаруда. Әр сабақты мультимедиялық интерактивті тақта көмегімен өткіземін. Қазір 5, 6, 7 сыныптарға дәріс беріп жүрмін. Қазіргі заманның баласы көрнекілікке әуес. Сабақтың жақсы есте қалуына әсіресе бейнероликтер, фильм фрагменттері, слайдтар, плакаттар көмектеседі. 

3. Қазақ тілі маманы екенсіз, Ана тіліміздің оқытылуы қалай?!

Салыстырмалы түрде айтсақ, бұрынғыдай емес әрине жақсы. Қазір Ана тілімізді оқытатын кітап та көп, интернетте қазақша контентте баршылық, ТВ-да қазақша каналдарда бар балаларға. Бір айтпағым, ол ересектердің өзара бөгде тілде сөйлеуі. «Тәрбие тал бесіктен басталады!» демекші, үйде ата-ана қазақша сөйлесе, бала қайда барады?! 

4. Мұғалім мен оқушы, не мұғалім мен ата-ана арасында кикілжің неліктен болады деп ойлайсыз?!

Өз жеке бас тәжиірбемде ондай болып көрген жоқ. Болмай ақ қойсын. Меніңше, бұл жерде біріншіден, ұстаздың тәжиірбесінің жетіспеуінен, екіншіден, ұстаздың өз талаптарын шәкіртке не ата-аналарға дұрыс жеткізе алмауынан ба деп ойлаймын. Ұстаз талап қоя білу керек және сол талаптарды жете түсіндіре алуы қажет. Ең маңыздысы, айтылған талаптарды орындата білу

5. Әлеуметтік желілерде отырасыз ба?!

Отырамыз әрине. Көбіне жұмыс бабымен. Өзіңіз білесіз, ата-аналар жиналысы бар. Мысалы, 30-ға жуық оқушы болса жиналысқа қатты келгенде 3/1 ғана келеді. Оларды да түсіну керек, көбі жұмысбасты, күнкөріс қамымен жүгіріп жүреді. Соған келе алмай жатса, немесе оқушыға қатысты мәлімет алу немесе беру керек болса Wats app арқылы ата-анаға хабарласамыз. Менің Facebook, Instagram, ВКонтакте желілерінде парақшаларым бар, барлық ата-аналарға ашықпын. 

Сұхбатыңызға рахмет! Әр ісіңізге сәттілік, отбасыңызға береке, келе жатқан мерекеңіз құтты болсын!  

Читайте также: Как астанчанину оплатить налог не выходя из дома

Арисламбек Медьянов: новое время - новые методы

Астана Астанановости самыйкреативныйучительастаны конкурс Астанаконкурс
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
Комментарии
Ответственный за раздел
Инна Бугаева
Журналисты сайта inAstana.kz к вашим услугам.

Пишите нам, звоните, сообщайте о городских новостях и событиях - мы надеемся, что с Вашей помощью горожане узнают о жизни Астаны больше.

Вместе с Вами мы сделаем наш город лучше!


E-mail: news@in-city.kz:
Телефон: +7 700 978 78 35

Телефон: +7 700 978 78 35