• Главная
  • Таулы Алтай өлкесінде шағын автобус апатқа ұшырады
15:24, 25 августа 2018 г.

Таулы Алтай өлкесінде шағын автобус апатқа ұшырады

Таулы Алтай өлкесінде шағын автобус апатқа ұшырады

Жол апатынан зардап шеккен азаматтардың денсаулығын мамандар орташа ауыр деңгейде деп бағалап отыр. Бұл жөнінде Baq.kz агенттігі Ресей апат медицинасы орталығының мамандарына сілтеме жасап хабарлайды.

Кеше Ресейдің Таулы Алтай өлкесінде Моңғолияның 15 азаматы мінген шағын автобус апатқа ұшырағанын хабарлаған болатынбыз. Жол апаты бейсенбіден жұмаға қараған түні «Чике-Таман» асуынан түсер жерде, Р- Р-256 «Чуйский тракт» тас жолының 659-шы шақырымында орын алған.

Апат медицинасы орталығының мамандары бұқаралық ақпарат құралдарына берген сұхбатында зардап шеккен 12 азамат екі сағаттың ішінде Онгудай аудандық ауруханасынан Таулы Алтайға тікұшақпен жеткізілетін мәлімдеді.

«Жол апатынан кейін Онгудай аудандық ауруханасына 12 адам жеткізілді. Дәрігерлер олардың жағдайын орташа деңгейде ауыр деп бағалап отыр. Аса ауыр жағдайдағы зардап шеккендер жоқ», - деп мәлімдеді Апат медицинасы орталығының диспетчері.

Кейіннен белгілі болғандай, екі науқас жұма күні күндіз ауруханадан шығарылды.

«Қазіргі уақытта Онгудай ауруханасында он науқас жатыр. Олардың ішінде, жарақаты жеңіл бес азамат аудандық аурухана мамандарының бақылауында болады. Ал қалған бес науқас жедел жәрдем көлігімен Таулы Алтайға жеткізілсе, тағы үшеуі санитарлық авиация тікұшағымен эвакуацияланады. Екі азамат ауруханадан шығарылды», - дейді республикалық Апатты медицина орталығының басшысы Сергей Земцов.

Оны айтуынша, зардап шеккендердің жағдайын шартты түрде ауыр деп бағалауға болады.

«Маған ұсынылған құжаттар бойынша, екі науқастың жағдайын шартты ауыр деп бағалар едім. Оның біреуінің жамбас сүйегі сынған, екіншісінің омыртқа жотасының қыспа сынуы анықталып отыр. Бұл жарақаттар олардың өміріне қауіп төндіріп тұрған жоқ», - дейді маман.

Еске сала кетсек, Алтай республикасында Моңғолия азаматтары мінген тағы бір жол-көлік оқиғасы орын алды. Жол апаты Катунь – Красный Яр – Алтай – Алтай Республикасының шекарасы автожолының 56 шақырымында Алтай ауданында орын алды. Алдын ала мәлімет бойынша, 17 жолаушы мінген шағын автобус қозғалыстың қарсы жолағына шығып кетіп, ГАЗ-3110 жеңіл автокөлігімен соқтығысқан. Бұған дейін өңірдің шұғыл қызметтер өкілі тоғыз адам ауруханаға жатқызылғанын хабарлаған болатын.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#ТаулыАлтай #Моңғолия #Шағынавтобус
Объявления
live comments feed...