• Главная
  • Екібастұз әкімі Түймебаевтың бірінші орынбасары болып тағайындалды
16:11, 13 августа 2018 г.

Екібастұз әкімі Түймебаевтың бірінші орынбасары болып тағайындалды

Екібастұз әкімі Түймебаевтың бірінші орынбасары болып тағайындалды

Екібастастұз қаласының әкімі Қайрат Нүкеновтің қызметі өсті. Енді ол Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары қызметін атқаратын болады - деп хабарлайды NUR.KZ 

Қайрат Нүкенов 1970 жылғы 15 қыркүйекте Павлодар облысы, Железин ауданына қарасты Захаровка ауылында дүниеге келген.

Білімі - жоғары. Еңбек жолын «Железин» кеншарының мал шаруашылық кешенінде қарапайым жұмысшы ретінде бастаған.

2012-2013 жылдар аралығында Железин ауданының әкімі, 2013 жылы Павлодар облысы кәсіпкерлік және сауда басқармасының басшысы болды. 2014 жылы Павлодар облысы, Ақсу қаласының әкімі болып тағайындалған ол 2016 жылдың сәуірінен жаңа қызметке тағайындалғанға дейін Екібастұз қаласының әкімі болды.

Қайрат Нүкенов қалың жұртшылық арасында рекорд жаңартушы әкім ретінде таныс. Ақсу қаласының басшысы кезінде шаһардың туған күнін атап өту үшін 11 мыңға жуық ақсулық «Бір Отан, Бір Тағдыр, Бір Елбасы! Алға, Қазақстан!» ұранымен жиналып, бұл шара Гиннестің рекордтар кітабына енді.

Араға бір жыл салып "фри" жасауда рекорд жаңарды. Тағы да қала күні қарсаңында өткен «Аксу картофель FEST» фестивалі кезінде "Достық" стадионында 54 қазанға картоп қуырылып, 19 мың 254 порция фри тұрғындарға тарту етілді.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#қайратнүкенов #түркістаноблысы #облысәкіміорынбасары
Объявления
live comments feed...