• Главная
  • Үндістанда автобус апатынан 11 адам қаза тапты
08:19, 1 марта 2017 г.

Үндістанда автобус апатынан 11 адам қаза тапты

Фото: НТВ

Фото: НТВ

Үндістанның Кришна округінде автобус аударылуы салдарынан 11 адам опат болып, 10 шақтысы жараланды. 24.kz жеткiзу.

Жолаушылар мінген көлік Муллупаду ауылының маңында жолдан шығып кетіп, арыққа құлаған. Оқиға кезінде автобуста 45 адам отырған. Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, жүргізуші ұйықтап кетіп, автобусты басқара алмай қалған. Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып, тергеу жүріп жатыр.

Айта кетейік, Үндістан – әлемде көлік апаты көп тіркелетін елдердің бірі. Оған жолдардың нашарлығы, жүргізушілер дайындығының төмендігі және ескірген көліктер себеп

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#Казахстан #автобус #адам
Объявления
live comments feed...