Өтетін орны: Астана қ., Жастар сарайы, Республика даңғылы, 34
Күні: 16 сәуір, 2026 жыл
Уақыты: 19:00
Ұзақтығы: 1 сағат 20 минут
2026 жылғы 16 сәуір күні сағат 19:00-де Жастар сарайында (Республика даңғылы, 34) Е.Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармониясының Эстрада вокал бөлімінің әншілері - Халықаралық байқаулардың лауреаты Әкімхан Маженов пен «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты Ақбота Құснадиннің «Сен және мен» атты жеке концерті өтеді.
Концертті «Live band» музыкалық ұжымы сүйемелдейді. Кеш қонағы Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері Ұлықпан Жолдасов.

