Өтетін орны: Қалибек Қуанышбаев атындағы Қазақ ұлттық музыкалық драма театры (Астана қаласы, Қ.Қуанышбаев көшесі 8/1)
Күні: 26 сәуір, 2026
Уақыты: 18:00
26 сәуір күні Қалибек Қуанышбаев атындағы Қазақ ұлттық музыкалық драма театрының сахнасында аргентиналық тангоның әсерлі әрі құштар әуендері шырқалады. Симфониялық оркестр TARSI көрермендерге әйгілі аргентиналық композитор Астор Пьяццолланың шығармашылығына арналған «Махаббат тангосы» атты концерттік бағдарламаны ұсынады.
Пьяццолла музыкасы — классикалық дәстүр, джаз еркіндігі және танго ырғағы тоғысқан ерекше әлем. Оның tango nuevo стилі танго өнеріне жаңа тыныс беріп, бұл жанрды әлемдік концерттік сахналарға алып шықты. Композитор шығармаларында нәзік лирика, терең сезім және жалынды құштарлық үндеседі.
Концерт бағдарламасында Астор Пьяццолла мен оның ізбасары Ришар Гальяноның танымал шығармалары орындалады: Libertango, Oblivion, Adios Nonino, New York Tango, Tango Apasionado, Tango pour Claude, сондай-ақ «Буэнос-Айрестің жыл мезгілдері» циклінен «Көктем».
Кештің шарықтау шегі — композитордың әйгілі туындысы «Aconcagua» концерті.
Солистер:
Татарстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі Дамир Султанов (баян)
Халықаралық байқаулардың лауреаты Руслан Тураев (баян)
Халықаралық байқаулардың лауреаты Айнура Еңбекова (вокал)
Бас дирижёр:
Мәдениет саласының үздігі Ерлан Бейсембаев

