Өтетін орны: Қалибек Қуанышбаев атындағы Қазақ ұлттық музыкалық драма театры (Астана қаласы, Қ.Қуанышбаев көшесі 8/1)

Автор: Дулат Исабеков

Сахналық нұсқасының авторы: Болат Ұзақов

Режиссер: Болат Ұзақов

Қоюшы суретші: Шынар Елембаева

Композитор: Қайрат Тоқымбетов

Әнге сөз жазған: Мирас Әбіл

Дыбыс режиссері: Ермахан Мұхтаров

Жарық қою бойынша суретші: Самат Жалекенов

Жанр: комедия

Ұзақтығы: 90 мин

Жас шектеуі: 14+

«Бонапарттың үйленуі» - күлкі арқылы күрделі сұрақ қоятын қазақы комедия. Қалада тұратын бір отбасының ғана емес, тұтас қоғамның көзқарасын, діни ұстанымын, дәстүрге деген жауапкершілігін әшкерелейді.

Той қарсаңында ашылған күтпеген «ақиқат» кейіпкерлерді таңдауға мәжбүр етеді: сыртқы бедел ме, әлде ішкі шындық па?

Қойылымда ұлттық құндылықтардың аяқасты болуы, салт-дәстүрдің мазмұнынан айырылып, даңғаза формаға айналуы, тіл мәселесінің тасада қалуы ащы мысқылмен көрсетіледі. Заманауи көрінеміз деп ұлттық негізді әлсірету - спектакль көтеретін өзекті тақырыптардың бірі. Сонымен қатар қоғамдағы күрделі мәселелерге тіке қарай алмау, шындықты айналып өту, жалған беделдің тасасына тығылу секілді құбылыстар да өткір сынға алынады. Күлкі мен ой қатар өрбиді.

Бұл қойылым - күлдіру үшін емес, күлкі арқылы ояту үшін!

Актерлік құрам: Бейбарыс Сәрсен, Ерлан Малаев, Жанқалдыбек Төленбаев, Самат Байыров, Қасымхан Бұғыбай, Гауһар Жүсіпова, Айман Карпсеитова, Әли Қалдар, Ұлан Қабыл, Айшолпан Жаңабергенова, Айнұр Жетпісбаева, Диана Жолдыбек, Еңлік Айымғазы, Боранбай Молдабаев, Дастан Әлімов, Қайыржан Садықов, Жанат Оспанов.