Өтетін орны: Астана қ., Қалибек Қуанышбаев атындағы Қазақ ұлттық музыкалық драма театры

Күні: 28 Наурыз

Уақыты: 19:00

 

«МузАРТ» спектаклі сенің қалаңда!

Түркістан музыкалық драма театрының «МузАРТ» спектаклі енді Астана, Алматы және Талдықорған көрермендеріне жол тартпақ. Өзге қалалардағы көрерменнің сұрауымен енді үш қалаға гастрольге аттанбақ. Премьерасы желтоқсан айында өткен қойылым көрерменнің ыстық ықыласына бөленіп үлгерді. Түркістан қаласында өткен премьераға «МузАРТ» тобының әншілері Сәкен Майғазиев, Мейрамбек Бесбаев, Кенжебек Жанәбілов, Мақсат Базарбаев қатысып, көрерменмен бірге тамашалаған болатын. Ал бұл жолғы сапар «МузАРТ» тобының 25 жылдық мерейтойына орайластырып отыр.

«МузАРТ» – қазақ музыка өнерінің бір дәуірін айшықтап, халықтың сүйіспеншілігіне айналған аңыз топтың қалыптасу жолын өрнектейтін музыкалық-драмалық спектакль.

Қойылым топ мүшелерінің алғаш кездесіп, тосыннан танысуынан басталады. Бір-біріне ұқсамайтын мінез, әртүрлі дауыс пен түрлі өмірлік жолдар бір арнаға тоғысып, жаңа ұлт феномені – МузАРТ-тың дүниеге келуіне себеп болады.

Спектакльде шығармашылық ізденіс, алғашқы әндер, халықтың жылы ықыласы, гастрольдік сапарлар, топтың атауының пайда болуы сияқты маңызды сәттер көркемдік өзгерістермен беріледі. Сонымен қатар өнер жолындағы қиындықтар, топтағы ішкі дағдарыс, достықтың сыналуы сынды сәттер драмалық ретімен көрініс табады.

«МузАРТ» тобының тарихы драмалық қойлым ретінде көркейту мақсатында кей тұстары көркемделіп өзгертілген!

Идея авторы - Мерей Маханов

Режиссері - Әли Бидахмет

Шығарма авторы - Қазыбек Аманжол

Сценограф - Ербол Кантураев

Музыкалық жетекші - Тимур Тілеуқабылов

Киім суретшісі - Арман Теміртас

Өтетін қалалар:

Алматы – Республика сарайы. 1 наурыз 19:00

Талдықорған – Б.Римова атындағы драма театры. 3 наурыз 19:00

Астана – Қ.Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театры. 28 наурыз 19:00