Өтетін орны: Қалибек Қуанышбаев атындағы Қазақ ұлттық музыкалық драма театры (Астана қаласы, Қ.Қуанышбаев көшесі, 8/1)
Жанр: концерт
Ұзақтығы: 90 мин
Жас шектеуі: 6+
Құрметті көрермен! Қалибек Қуанышбаев атындағы Қазақ ұлттық музыкалық драма театры 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай театрымыздың артистері мен вокалистерінің қатысуымен мерекелік кеш өткізеді.
Вокал жетекшісі: Қазақстанның халық әртісі Қалиламбекова Хорлан Ихсанқызы
Бағдарламада: қазақ лирикасы, орыс вокалдық классикасы, еуропалық вокал шедеврлері және неаполитандық әндер орындалады.
Орындаушылар: Театрымыздың артистері, вокалистер және педагогтар.
Әсем әуен мен мерекелік көңіл күй сыйлайтын кешке шақырамыз!
ТЕАТРДА КЕЗДЕСКЕНШЕ!

