Өтетін орны: Қалибек Қуанышбаев атындағы Қазақ ұлттық музыкалық драма театры (Астана қаласы, Қ.Қуанышбаев көшесі, 8/1)
Бас дирижер: Мәдениет саласының үздігі Ерлан Бейсембаев
Жанр: концерт
Ұзақтығы: 90 мин
Жас шектеуі: 6+
Қалибек Қуанышбаев атындағы Қазақ ұлттық музыкалық драма театры көрермендерді симфониялық және фортепианолық репертуардың таңдаулы туындылары ұсынылатын Классикалық музыка кешіне шақырады.
Концерт бағдарламасына Тілес Қажығалиевтің «Дала аңызы» балетінен сюита, сондай-ақ Сергей Рахманиновтың терең лиризмге толы «Вокализ» шығармасы және әлемдік классикалық музыканың ең жарқын, эмоционалдық туындыларының бірі саналатын фортепиано мен оркестрге арналған №2 концерті енген.
Кештің солистері – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Нұрлан Измайлов және халықаралық конкурстардың лауреаты Дана Дженсикпаева (фортепиано).

