Автор: Мағжан Жұмабаев
Қоюшы режиссер: Гүлсина Миргалиева Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері
Қоюшы және киім суретшісі: Шынар Елембаева «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері
Пластика режиссері: Асан Борончинов
Хореограф: Карина Джиренбаева
Дыбыс режиссері: Қарлығаш Матакова Мәдениет саласының үздігі
Жарық қою бойынша суретші: Азамат Бекбембетов
Режиссердің көмекшісі: Алия Даутова
Жанр: драма
Ұзақтығы: 1 сағ 30 мин
Жас шектеуі: 16+
Ер мен әйел - екеуі екі кеңістік. Екі ғалам. Кейде тағдыр желі сол екі ғаламды түйістіріп, бір-біріне жақындатады. Бірақ түйісу - толық бір болу емес. Әр адам - жалғыз. Сол жалғыздығы - оның өзіне ғана тән ғарышы, құпияға толы ішкі әлемі. Бірінің жарығы - күңгірт, бірінің шырағы - алау. Бірақ әркімнің аспаны – өзінікі...
Адам баласы үшін шын мәні бар дүние – өзінен қалған ізі, іштегі жарықтың өзге жүректе жалғасуында…
Актерлық құрам: Арай Омарова, Бегімнұр Калила, Қобыланды Болат «Құрмет» грамотасының иегері, Жанат Оспанов ҚР «Серпер» Жастар Одағы сыйлығының иегері, Қайыржан Садықов, Ерғұлан Жанпейісов.

