Өтетін орны: Астана қ., Жастар сарайы

Өтетін күні: 13 қараша, 2025 жыл

Өтетін уақыты: 19:30

Әртістер: Алтынай Нөгербек, Мейіржан Әбдіхалық, Біржан Жүнісов, Ботагөз Мақсутова.

Ұзақтығы: 1 час 30 минут

Жас шектеуі: 12+

Тұрақ: бар

Қосымша:

 

Бұл қойылым — уақыттың тәлкегіне ұшыраған аналық мейірім мен есейген баланың жүрекке салмақ салған бейқамдығы жайлы сыр. Бала өскен сайын, өмірдің қарбаласы мен күйбең тіршілігіне сүңгіп, анаға деген ықылас пен назар біртіндеп алыстай береді. Оның ойынша, анасы әрқашан қасында, бәрін түсінетін, бәрін кешіретін мәңгілік пана іспетті. Ал шын мәнінде, ана жүрегі күн өткен сайын үнсіз сыздайды, көңіліне салмақ түсірген сағыныш пен жалғыздық жанын жегідей жейді.

Спектакль көрерменге ананың әр күнін сағынышпен, үмітпен, тосумен өткізетін сәттерін шынайы әрі әсерлі жеткізеді. Әрбір үнсіз түн, әрбір бос орындық – ананың іштей егіліп отырған бейнесін көз алдыңа әкеледі. Ал бала – тым алыс. Жанында емес, жадында да сирек. Телефон шалған сайын ана үміттене құлақ түріп, есік қақса, баласы шығар деп жалтақтайды.