Өтетін орны: Қалибек Қуанышбаев атындағы Қазақ ұлттық музыкалық драма театры (Астана қ, Қ.Қуанышбаев көшесі, 8/1)

Авторы: М.Әуезов

Режиссері: Ә.Оразбеков

Қоюшы суретші: Қанат Мақсұтов

Хормейстер: Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Амантай Жұмашев

Актерлік құрам: Аға Абай - Қазақстанның Халық артисі Тілектес Мейрамов,
Абай - Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Нұркен Өтеуіл

Жанр: трагедия

Ұзақтығы: 100 мин

Жас ерекшелігі: 12+
 

Бұл жасқа келгенше жақсы өткіздік пе, жаман өткіздік пе, әйтеуір бірталай өмірімізді өткіздік: алыстық, жұлыстық, айтыстық, тартыстық - әурешілікті көре-көре келдік. Енді жер ортасы жасқа келдік: қажыдық, жалықтық; қылып жүрген ісіміздің баянсызын, байлаусызын көрдік, бәрі қоршылық екенін білдік. Ал, енді қалған өмірімізді қайтіп, не қылып өткіземіз? Соны таба алмай өзім де қайранмын. Ел бағу? Мал бағу? Ғылым бағу? Софылық қылып, дін бағу? Балаларды бағу?

1890 жыл. Абай

Ғасырлар бойы қалыптасқан кертартпа әдет-ғұрып пен мылқау күш, дүлей заманды айыптап өткен, Абай ойы, Абай философиясы өркендеп ғаламдық деңгейге жетуінің барысындағы оқиғалар, сахнада ұлы М.Әуезов драматургиясымен өткен ғасырға жол тартқанымен бүгінгі көрермен үшін де көкейкестілігін жоғалтқан жоқ.