Өтетін орны: Қалибек Қуанышбаев атындағы Қазақ ұлттық музыкалық драма театры (Қ.Қуанышбаев көшесі, 8/1), үлкен сахна

Автор: Жәнібек Әлікен

Режиссер: Бәзіл Сұлтанғазы

Қоюшы суретші: Ерлан Тұяқов

Композитор: Сұлтан Тұрсынбеков, Бэнд «Theatre Avenue»

Редактор: Мирас Әбіл

Балетмейстер: Карина Джиренбаева

Киім суретшісі: Ақбота Қапсалаң

Жанр: драма

Ұзақтығы: 1 сағ 45 мин

Жас шектеуі: 16+

«Махаббатым сен» махаббат пен шығармашылықтың, өнер адамының жан күйзелісі мен тағдыр тартысының драмалық көрінісі. Шығармашылық пен тұрмыстың, махаббат пен өкініштің, үміт пен сарыуайымның астасқан әлемінде көрермен өнердің құдіретін, оның адам жанын қалай өзгертіп, қандай биіктерге жетелейтінін, кейде қандай құрбандықты талап ететінін сезінеді.

Бұл қойылым бір ғана әннің емес, өнердің мәңгілік екендігін дәлелдейтін поэтикалық туынды.

Актерлік құрам: Қазақстан Жастар Одағы «Серпер» сыйлығының лауреаты Жанат Оспанов, Бекарыс Шалқар, Айнұр Жетпісбаева, Инабат Әбенова, Сағыныш Нұрхайдарова, Саида Сагинова, ҚР «Дарын» Мемлекеттік Жастар сыйлығының лауреаты Ақмарал Танабаева, Гаухар Исмаилқызы, Руслан Алишев, Әнуар Бектас, Біржан Жүнісов, Қайыржан Садықов, Бейбарыс Сәрсен, Нұрхан Қосанов, Заңғар Әбенов, Әли Қалдар, Диана Жолдыбек, Ситора Анварова, Аяужан Малғаждарова, Бегімнұр Қалила, Динара Егубаева.