Өтетін орны: Қалибек Қуанышбаев атындағы Қазақ ұлттық музыкалық драма театры (Қалибек Қуанышбаев көшесі, 8/
Автор: Рэй Куни
Режиссер: Болат Ұзақов
Қоюшы суретші: Шынар Елембаева
Хореограф : Салтанат Сұңғат
Жанр: комедия
Ұзақтығы: 1 сағат 35 мин
Жас шектеуі: 12+
Ағылшын драматургі Рэй Кунидің бұл пьесасында сүттей ұйып отырған жас отбасының басына түскен қысылтаяң әрі күлкілі бір жайттың жай-жапсары, адам сенгісіз әсері суреттеледі. Банктың жас қызметкері, қарапайым бухгалтер Генри Перкинс ойламаған жерден көп ақша тауып алып, иен-тегін мол байлыққа кенеледі. «Ақшаның жұлдызы ыстық», қазақ мәтелінде айтылған бұл шындық комедия кейіпкерлерін бас-аяғы бірер сағаттың ішінде басын айналдырып, шырғалаңға салып жібереді. Ақшаның құдіреті табанда мәлім болады, адам баласының мінез-құлқы мен іс-әрекеті қас қаққанша өзгеріп, жынша құбылып шыға келеріне көрермен қауым куә болады.
Актерлік құрам: Сая Тоқманғалиева, Инабат Әбенова, Жасұлан Ерболат, Олжас Дәлелхан, Алтынгүл Серкебаева, Айкөркем Тұранова, Шах-Мұрат Ордабаев, Бекарыс Шалқар, Самат Байыров, Нұрсұлтан Есен, Асылбек Қапаев, Ерғұлан Жанпейісов, Дастан Әлімов, Жанат Оспанов

