Өтетін орны: Е. Рахмадиев атындағы «Мемлекеттік академиялық филармония» МКҚК.
Күні: 24 маусым, 2022 жыл
Басталуы: 19:00
Әртістер: Карина Измаилова – фортепиано, көркемдік жетекшісі – Берік Батырхан, бас дирижер – Ернар Нұртазин.
Карина Измаилова – фортепиано, художественный руководитель – Берик Батырхан, главный дирижёр – Ернар Нуртазин.
Жас шектеуі: 7+
Ұзақтығы: 1 сағат 20 минут
Ғазиза Жұбанова (1927-1993) – КСРО халық әртісі, ХХ ғасырдың көрнекті композиторы. Оның шығармашылық мұрасы ауқымды және алуан түрлі, оның ішінде опералар (атақты «Еңлік - Кебек» операсы), балеттер, симфониялар мен симфониялық поэмалар, ораториялар мен кантаталар, жеке аспаптар мен оркестрге арналған концерттер, қойылымдар мен фильмдерге арналған музыкалар және өзге де туындылар бар. Ғазиза Жұбанованың шығармалары философиялық тереңдікке, әлемді поэтикалық тұрғыдан түсінуге және өзіндік көркемдік тұжырымдарға ие. Ғазиза Жұбанованың өзі «Нағыз дәстүр дамумен тікелей байланысты» деп атап өтті.
Ғазиза Жұбанова өзінің ғылыми, педагогикалық және қоғамдық қызметіне де елеулі үлес қосты. Аты аңызға айналған Алматы музыкалық жоғары оқу орның (қазіргі Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы) басқара отырып, талантты музыканттарды тәрбиелеуге күш жұмсады.
Ғазиза Жұбанованың мерейтойына арналған кеш бағдарламасында «Мерекелік увертюра», № 3 «Сарыөзек метафоралары» симфониясы және Оркестрмен фортепианоға арналған бағдарлама (Карина Измаилова – фортепиано) бар. Көркемдік жетекшісі – Берік Батырхан, бас дирижеры – Ернар Нұртазин
Берік Батырхан:
− Ғазиза Жұбанованың қазақтың музыка өнерінде алатын орны зор. Дирижер ретінде Ғазиза Ахметқызының шығармаларына дирижерлік етуге мүмкіндікке ие болғаныма қуаныштымын. Композитор шығармашылығы ауқымды әрі бай, бұл симфониялық шығармалар ғана емес, опералар, балеттер, қойылымға арналған музыка және басқа да жанрлар.Тікелей симфониялық мұра туралы айтар болсақ, Ғазиза Жұбанованың тұңғыш туындысы «Жігер» симфониясы, «Ақсақ құлан» симфониялық поэмасы, «Мерекелік увертюра» және т.б. шығармалары баға жетпес туындылар болып табылады.
Симфониялық оркестр «Мерекелік увертюраны» жиі орындайды. Маусымның жабылуында біз Шыңғыс Айтматовтың романына негізделген үшінші симфонияны көпшілікке ұсынғымыз келеді. Симфонияда ұлттық музыка мен заманауи композиторлық техникалар бір-бірімен тығыз байланысқан. Бұл шығарма − аса көрнекті композитордың шынайы, эмоционалдық көрінісін жеткізеді. Үшінші симфония көрерменге біздің ұлттық симфониялық жанрымыздың жоғары деңгейде ұсынылғаның көрсетеді деп ойлаймын. Бізге, орындаушыларға Ғазиза Ахметқызының музыкасы үлкен шабыт сыйлайды.
Оркестрмен фортепианоға арналған концертті орындаушы Ғазиза Жұбанованың немересі Карина Измаилова бала кезінен естіп, білген. Мектепте ол әжесінің пьесаларын ойнаса, ал Мәскеу консерваториясында күрделі шығармаларды орындай бастаған.
Карина Измайлова:
- Филармонияда әжем Ғазиза Жұбанованың 95 жылдығына арналған концерт өтетініне өте қуаныштымын. Осы мерейтойды бүкіл Қазақстан бойынша атап өту − музыка әлеміндегі үлкен оқиға. Ернар Нұртазин жетекшілік ететін филармонияның симфониялық оркестрімен бірге Ғазиза Жұбанованың Оркестрмен фортепианоға арналған туындысын орындаймыз. Мен үшін бұл өте ерекше жаңалық, себебі мен алғаш рет осы концертті 2016 жылы филармония оркестрімен және Ернар Нұртазинмен орындадым. Сол кезде кешті үлкен жетістікпен аяқтадық. Осыдан кейін мен Нұр-Сұлтан, Мәскеу және Қазан қалаларында басқа оркестрлермен осы бағдарламаны орындадым және бұл музыканы көрермендер әрдайым ыстық ықыласпен қабылдайды.
Мен әжемді білмедім, мен дүниеге келген жылы әжем қайтыс болды. Бала кезімнен музыканы ойнай отырып, оны тереңірек түсіне бастадым. Енді өзімнің орындауым арқылы композиторлық идеяларды әлемге жеткізгім келеді.
Бірде атақты актер Михаил Ульянов Ғазиза Жұбанованың әуенің алғаш естігеннен кейін, жігерлі, бұрын-соңды болмаған күш-қуатқа толы құдіретті әуенді нәзік әйелдің жазғанына қатты таң қалды. Шынында да, оның музыкасында көптеген идея бар – бұл өмір мен өлім, адамның үлкен ғаламдағы орны, ғарыштық идея... Мен бұл музыканың жан-жақтылығы әр уақытта таң қалдырады және тыңдаған сайын жаңа дүниелер сыйлайды деп айтар едім. Көрермендерді концертімізге шын жүректен шақырамын!