Алаштың ӘлиханыАвторы: Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі «Мемлекеттік академиялық филармония» МКҚК

Режиссері: Руслан Нурланов

Уақыт және күнi: 11 желтоқсан 17:00

Ұзақтығы: 1 час 15 минут

Жас санаты: 7+

Қосымша: «Сарыарқа» фольклорлық ансамблі

 

 

 

Қазақтың мемлекеттік, саяси және қоғам қайраткері, ұлт-азаттық және Алаш партиясының жетекшісі, Алашорда автономиялы үкіметінің төрағасы, публицист, ғалым, аудармашы Әлихан Бөкейханұлының 155 жылдығына арналған «Алаштың Әлиханы» атты концерт өтеді. Концертте «Сарыарқа» фольклорлық ансамблінің орындауында қазақ зиялылары мен алаш арыстарына арналған, ел тәуелсіздігі жолындағы күрескерлер жайлы шығармалар орындалады. Ансамбльмен бірге елімізге белгілі филармония әншілері, «Шалқыма» халық би ансамблі мен «Alem» эстрадалық би ансамблі өнер көрсетеді. Күйлермен қатар, алаш арыстарына арналған жаңа әндер де шырқалатын болады.