Өтетін орыны: Нұр-Сұлтан қаласы, «Астана» концерт залы

Өтетін күні: 13 қараша

Өтетін уақыты: 19:00

Жоба авторы және ұйымдастырушысы: ҚР еңбек сіңірген артисі, «Құрмет», «Парасат» ордендерінің иегері Майра Ильясова   

Режиссеры: ҚР еңбек сіңірген өнер қайраткері Асхат Маемиров            

Турақ: бар

Жас санаты: 

Қосымша:

 

2021 жылдың 13 қараша күні, Нұр-Сұлтан қаласында, «Астана» концерт залында тұңғыш рет «Бабалар үні» атты этно-фольклорлық дәстүрлі өнер фестивалі өтетін хабарлаймыз

Мақсаты: Төл өнерімізді ұлықтау. Бабалар үнін жаңғырту. Ұлттық аспаптарымызды, өресі биік өнер иелерінің шығармашылығын насихаттау болып табылады.

Өнер фестиваліне Нұрғали Нүсіпжанов, Нұрлан Өнербаев, Майра Ильясова, Роза Аманова, Бағдат Самединова, Нұржамал Үсенбаева, Майра Мұхамедқызы, Қанат-Айткүл Құдайбергеновтер, Қанат-Света Айтбаевтар, Айгүл Қосанова, Қарақат Әбілдина, Алтынай Жорабаева, Ерлан Рысқали, Ардақ Балажанова, Клара Төленбаева, Елмұра Жаңабергенова,  Арайлым Рахымқызы, Өмірқұл Айниязов, Алишер Каримов, Рухия Байдүкенова, Дінислам Жайлаубай, Сәулежан Тағзия, Бекжан Октябрь, Гүлзира Рахымжан, «Сазген  сазы», «Астана сазы», «Қорқыт», «Үш қоңыр» ансамблдері және  Музыкалық жастар театры   сынды т.б. еліміздің өнерпаздарымен қатар шетелдегі қандастарымыз қатысады.

Аталмыш жоба арқылы – бабамыздан жеткен рухани мұраны кеңінен дәріптейтініміз ақиқат. Бойымыздан ұлттық құндылықтарымызды жоғалтпай, оны ұрпақтан ұрпаққа жеткізу - бәрімізге аманат.