Қ. Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрының гастролі

Қараш-Қараш

Қоюшы режиссері – Әлімбек Оразбеков, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Қоюшы суретшісі –  Юлдаш Нұрматов, Қырғызстанның еңбек сіңірген қайраткері

Музыкасын құрастырғандар – Қайрат Тоқымбетов, Олжас Жақыпбек

Киім үлгісінің суретшісі – Шынар Елембаева

Дыбыс режиссері –  Гүлнафис Әминова

Режиссердің ассистенті – Нүркен Өтеуілов

Режиссердің көмекшісі – Арай Амантауова

qarash-qarash-gastroliБүгінге дейін күрделі тақырып «жер» мәселесі қойылымның күретамыры. Жерді сатқаның – отанды сатқаның. Ата-бабадан қалған аруақты даланы сақтап қалу әр қазақтың адами парызы.  Елін-жұртын ойлап, күн кешкен екі азаматтың достығы, туған жерге деген үлкен махаббатықойылым барысында  көрініс табады. Жарасбай ойдың адамы, Бақтығұл істің адамы. Осы екі ұғым бірін-бірі түсінуде сәл жаңсақтық жіберсе, «сатқындық» дейтін жау тұтқиылдан шабуыл жасап, «адал достықтың» орнын алмастырады.