Өтетін орны: Қалибек Қуанышбаев атындағы Қазақ ұлттық музыкалық драма театры (Астана қаласы, Қ.Қуанышбаев көшесі, 8/1)
Автор: Қанат Жүнісов
Режиссер: Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Әлімбек Оразбеков
Қоюшы суретші: Берік Бурбаев
Киім суретшісі: Шынар Елембаева
Музыкасын құрастырған: Қайрат Тоқымбетов
Сахна сайысын қойған: Олжас Жақыпбек
Жанр: драма
Ұзақтығы: 110 мин
Жас ерекшелігі: 12+
Режиссер Әлімбек Оразбеков сахналаған аталмыш қойылым қазақ елінің маңдайына біткен атақты ақын, жалынды жазушы, дарынды драматург, білікті ұстаз, Қазақ КСР-інің Халық Комиссарлары Кеңесінің алғашқы төрағасы болған Сәкен Сейфуллиннің ғұмыр жолынан, ғибратты өмірінен сыр шертеді.
Тағдыры тар жол тайғақ кешумен өткен алаш қайраткері халқының келешегі жарқын, нұрлы болуын армандап, азат, еркін өмір сүруі үшін күресті. Алайда, большевиктермен болған идеологиялық майданда қызу тартысқа түсіп, өзі құрған өкімет Сейфуллиннің өзін де аямады.
Актерлік құрам: Сырым Қашқабаев, Болат Ыбыраев, Самат Байыров, Алтынай Нөгербек, Жанқалдыбек Төленбаев, Боранбай Молдабаев, Жанат Оспанов, Жәнібек Мұсаев, Шах-Мұрат Ордабаев және көпшілік сахнада театр жастары

