Өтетін орны: Қалибек Қуанышбаев атындағы Қазақ ұлттық музыкалық драма театры (Астана қаласы, Қ.Қуанышбаев көшесі, 8/1)

Автор: Уильям Шекспир

Режиссер: Талғат Теменов

Қоюшы суретші: Қанат Мақсұтов

Киім үлгісінің суретшісі: Шынар Елембаева

Сахна сайысын қойған: Михаил Вишневский

Музыкамен көркемдеген: Талғат Теменов

Актерлік құрам: Қуандық Қыстықбай, Ақмарал Танабаева, Тілектес Мейрамов, Нұркен Өтеуіл, Сырым Қашқабаев, Инабат Әбенова, Болат Ыбыраев, Олжас Жақыпбек, Нұрсұлтан Есен, Диана Жолдыбек т.б

Жанр: трагедия

Ұзақтығы: 90 мин

Жас санаты: 12+

 

Бір адамның тағдыры арқылы күллі адамзаттың жан дүниесін таныту, жүрек пен сезім арасындағы қайшылық өмір мен өлім арасындағы тайталасқа қалай ұрынғанын Шекспирден артық кім суреттейді!

Отелло - әлемдік әдебиет галереясында күшті қаһарманның бірі, ол нағыз ер азамат бола тұрып, нақақ жаланың қаруы мен құрбанына айналды. Осынау баянсыз ғашықтықтың күйігі мен наласы жер бетінде ауық-ауық қайталана беретінін ұлы ағылшын жазушысы айғақтайды.

«Отелло» - Ұлы шығарма!