Қоюшы режиссері – Т. Теменов,  ҚР халық артисі.

Қоюшы суретші – Ш. Елембаева.

Хормейстер – А. Жұмашев, ҚР еңбек сіңірген қайраткері.

Дыбыс режиссері – Л. Қыстықбаева.

Балетмейстер – С. Жолымбаева.

Музыкамен көркемдеген – Т. Теменов.

Дирижер – М. Мырзакулова.

Режиссердің ассисенті – Қ. Қыстықбаев.

Режиссердің көмекшісі – Ә. Дәуітова.

Ешкім де, ешнәрсе де ұмытылмақ емес! Ұлы Отан соғысы... Содан бері 70 жыл өтсе де, ата-бабаларымыздың жасаған ерліктері мен кейінгі ұрпаққа сыйлаған жеңісі кімнің де болсын жадында. Ұлы Жеңістің 70 жылдық мерейтойының қарсаңында режиссер, ҚР Халық артисі Талғат Теменов сахналап отырған «Тыраулап ұшқан тырналар» атты лирикалық драма жеңістен кейінгі совет солдаттарының өмірінен сыр шертеді.

Қойылым бас кейіпкер Пернебек Боранбаев пен неміс қызы Инганың арасындағы кездейсоқтықтан туындаған махаббат тақырыбын көтереді.  Осы аралықта адамзатқа ортақ қасиет – махаббат пен жауыздық, адамгершілік пен сыйластық, өшпенділік пен сүйіспеншілік, сағыныш пен мейірімділіктің ұшқынын спектакль барысынан көресіздер.