Бұл – қызығы мен мұңы аралас албырт кезеңдегі аяулы сезім. Сірә, махаббат «машақатын» көрмеген жан кемде-кем болар. Ал алғашқы сезімі ұстазына оянып, өзінен әлдеқайда үлкен қызға ғашық болған бозбала жайлы естіп пе едіңіз? Бұл албырттық па, әлде ақымақтық па? Бәлкім бұл шынайы сезім шығар.

Езуге күлкі үйірер осындай шытырман оқиғаға құрылған бұл комедия көрермен назарын бей жай қалдырмайды. Мектеп өмірінің кіршіксіз сәттері, алғашқы махаббат, бейкүнә сезімдер суреттелетін қойылым қызықты ситуация, ұтымды әзілімен дегеннен жаныңызды баурап алары сөзсіз. Себебі, үлкен өмірге қадам басып, үлкен әлемнің дәмін татқан адамның жүрек түкпірінде партадағы сол бір аяулы шақтарына деген сарқылмайтын сағынышы сайрап жатары анық. Ал дәл осы сәтті басынан өткеріп жатқан мектеп оқушылары үшін тіпті қызық қойылым болмақ.

Реж. Д. Серғазин.

Первая любовь. Наверное, нет человека, который не испытывал «хлопоты» ранней любви. Слышали ли вы о первой любви старшеклассника к молодой учительнице? Пылкость ли это или, может быть, глупость? Возможно, это и есть настоящее чувство.

Первая любовь, невинные детские чувства, искромётный юмор, яркие моменты из школьной жизни – всё это вы найдёте в новой постановке. Атмосфера спектакля наполнена лучшими чувствами и переживаниями школьной жизни. Предлагаем вам окунуться в счастливые воспоминания о школе вместе с талантливыми актёрами театра «Жастар»!