Әнші Бауыржан Нұрымбетов Астанада жеке ән кешін өткізбек.
«Конгресс-Холл» сарайында ұйымдастырылатын кешті актер Ғани Құлжанов жүргізеді.
Әнші 19 мамырда Астанадағы «Конгресс-Холл» сарайында жеке ән кешін өткізбек. Кешке Жеңіс Ысқақова, Гүлнұр Оразымбетова, Маржан Арапбаева және Айнұр Байнулдинова қатысады. Кешті белгілі актер Ғани Құлжанов жүргізбек.   Сұхбат барысында Бауыржан Нұрымбетов пен Айнұр Байнулдинованың орындауында Асылжан Жүнісқожаевтың сөзіне жазылған Марат Маликовтың «Асыл сезім» әнін тыңдай аласыздар. Жетістіктері: 2004 жылғы «Шабыт» Халықаралық фестивалінің дипломанты; 2005 жылғы «Жас қанат» республикалық байқауының дипломанты; 2008 жылғы  «Шабыт» Халықаралық фестивалінің ІІ орын иегері; 2009 жылғы  «Sarandev» Халықаралық жастар байқауының І орын иегері; 2010 жылы  «Шығыс базары» Халықаралық байқауының лауреаты.