Дала сырыӨтетін орны: Е. Рахмадиев атындағы «Мемлекеттік академиялық филармония» МКҚК, г.Нұр-Сұлтан, Кенесары 32.

Премьера күні, жылы: 20 мамыр 2022 ж.

Әртістер:

Жанры: халық музыкасы және әндері

Ұзақтығы: 1 сағат 20 минут

Жас шектеуі: +7 жастан

Қосымша:


 

Кенжебек Күмісбеков ұлттық кәсіби өнеріміздің өсуіне үлкен еңбек сіңірген композитор. Оның көптеген туындысы қазақ халық аспаптар оркестріне арналған. Солардың ішінде «Шалқыма», «Қорқыт туралы аңыз», «Фараби сазы», «Дала сыры» т.б. поэмалары көпшілікке кеңінен танымал.
Кенжебек Күмісбековтың сан қырлы талантының және бір көрінісі - қазақ халқының сан ғасырлық мұрасы – күйді, сондай-ақ әлемдік музыкалық классиканы қазақ халық аспаптары оркестріне бейімдеп,лайықтау.Композитордың шығармашылық мұрасында камералық- вокалдық,камералық-аспаптық және симфониялық туындылары бар.Музыкатанушылар өткендей, олар ерекше әуезімен және философиясымен ерекшеленеді.

Осы концерттің бағдарламасына Кенжебек Күмісбековтің «Қорқыт туралы аңыз», «Еңбек салтанаты», «Дос жайлауы Сусамыр», «Биші қайың», «Дала сыры» және басқа да әр жанрдағы шығармалары енгізілген. Қазақ оркестрінің көркемдік жетекшісі және Бас дирижёры ҚР еңбек сіңірген қайраткері, «Парасат» орденінің иегері,профессор – Айтқали Жайымов. Дирижёр Мәдениет қайраткері – Нұрлан Бекенов. Концертке Қазақстан Республикасының еңбек халықаралық және республикалық байқаулардың лауреаттары қатысады.