Авторы – А. Вальехо

        Қазақшаға аударған – Е. Жуасбек

        Қоюшы режиссері – Н. Жұманиязов

        Суретші – Ш. Елембаева

        Музыкасын құрастырушы – Л.Қыстықбаева

        Балетмейстер – С. Жолымбаева

        Режиссердің ассистенті – Қ.Қыстықбаев

        Қазіргі қоғамда шынайы еңбек пен маңдай тердің арқасында биік белестерге қол жеткізу мүмкіндігі екі талай. Жағалы ағасының қамқорлығын пайдаланудан бас тартқан Марио өз мүмкіншіліктерін саңлауы жоқ жертөледе дәлелдемек. Шындықты меңзеп, бір жертөленің кішкентай терезесінен сығалаған дұрыс па, әлде талайдың жолын кесіп, аяғынан шалып иеленген кең, жарық, ыңғайлы кеңседе отырған дұрыс па? Оның үстіне жауапсыз махаббатқа тап болған Марионың ендігі күйі қандай болмақ? Бір адамның басынан өтетін шым-шытырық жеңіс пен жеңілісті қойылымнан тамашалай аласыздар.