Авторы - Шерхан Мұртаза.
Сахналық нұсқасын жасаған: Болат Ұзақов.
Қоюшы режиссері - Болат Ұзақов, ҚР еңбек сіңірген қайраткері.
Суретші - Манарбек Қарымсақов.
Хормейстер - Амантай Жұмашев, ҚР еңбек сіңірген қайраткері.
Композитор - Еділ Құсайынов.
Музыкасын құрастырушы - Қайрат Тоқымбетов.
Балетмейстер - Салтанат Жолымбаева.
Режиссердің ассистенті - Ержан Нұрымбет.
Режиссердің көмекшісі - Әлия Дәуітова.
Тіршілік иелерінің ең саналысы да, ең қатыгезі де адамзат баласы. Қарыштап дамыған өркениет табиғат анаға қаншалықты қауіп төндіруде? Қойылым барысында табиғи тепе-теңдікті саналы түрде бұзушы адамдар мен тіршілік үшін арпалысқан жануарлардың өзара ұқсастығын әрі айырмашылығын тамашалай аласыз. Өзіңізді табиғаттың қожасы емес, тек жаратылыстың бір бөлшегі ғана екеніңізді түсінесіз.