• Главная
  • Ерке Есмахан айтатын “Қайда?” әнін авторы кім?
10:55, 15 августа 2018 г.

Ерке Есмахан айтатын “Қайда?” әнін авторы кім?

Ерке Есмахан айтатын “Қайда?” әнін авторы кім?

Ютубтан 35 миллион көрілім жинаған Ерке Есмаханның орындауындағы «Қайда?» әні жастар арасында хит. Алайда, көпшілігіміз осы әннің авторы үржарлық Диана Исмаилова екенін біле бермейміз, дейді Алтайньюс тілшісі.

Бүгінгі күні Т. Жүргенов атындағы өнер академиясын аяқтап отырған «Негры» эстрадалық тобының әншісі, жас композитор Диана Исмаилова «Қайда?» әнін сөзімен қоса  9 сынып оқып жүген кезінде Үржарда жазған. Кейін мектепті тәмамдап, Алматыға келген соң ол туындысын қайыра қолға алып, аранжировкасын жасай бастаған. Осы кезде аталмыш ән  әлдекімдер арқылы Ерке Есмаханның құлағына жетеді.  Ерке Есмахан репертуарына алып орындағысы келетінін айтып Дианаға хабарласыпты.

Диана екі-үш күн ойланып, қинала-қинала рұқсатын берген.

-Әннің кейбір шумақтарын ақын Қайнар Алагөзов жазып, тағы бірнеше қала аттарын қосты. Мен оған аса ренжи қоймадым. Өйткені, әннің барлық авторлық құқықтары менде сақталған,-дейді ол.

Ән эфирге кетіп, шырқала бастағаннан соң бір айдан кейін қырғыздар хабарласыпты. Қазір қырғыз әншісі Гүлназ Чыныбек қызы әнді өз тіліне аудартып, қырғызша айтып жүр. Ол жақта да жастардың сүйіп айтатын әніне айналған. Үржарлық Диана алдағы өмірін тек өнермен байланыстырып отыр.

Оқи отырыңыз: Началось строительство новой трассы между Талдыкорганом и Усть-Каменогорском

 Начинается повторное ЕНТ/КТА

 Отмечаем День Археолога!

Выделены дополнительные гранты и стипендии для абитуриентов Акмолинской области

 Укрепление тенге? 

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#еркеесмахан #ДианаИсмаилова #ҚайнарАлагөзов #«Қайда?»әні #хит
Объявления
live comments feed...